Деніңнің саулығы – өмірдің байлығы десек, науқастарды айықтыратын ақ халатты абзал жандар дәрігерлер туралы пікірімді калдырсам. Мен, осы жақында М. Оспанов атындағы медицина орталығының жалпы хирургия бөліміне ота жасаттым. 8 -ші қабатында орналасқан хирургия бөлімінде күнделікті әр адамның өмірі үшін үміт беріп, құштар қылған өмірге, сауатты, білікті дәрігерлердің қарбалас еңбегін көрдім.
Мұнда онко профессор хирург Қойшыбаев Әріп Көбекұлы, жоғарғы дәрежелі дәрігер медицина ғылымының кандидаты хирург Ергалиев Аслан Есенғалиұлы. Лязев Талғат пен Талғатов Алматтың біліктілігі мен шеберлігін ерекше айткым келеді.
Дәрігер- хирургтердің күнине төрт — бес науқас адамдарға ота жасап, өз міндеттерін аса шеберлікпен, жоғары дәрежеде атқарып жатқандарының куәсі болып, әсерленіп толқыдым.
Күнделікті кезекші мейірбекелерге, еңбек стажы 31 жылдан асқан Г. Қ. Сейдалинаға ерекше алғыс айтқым келеді. У.А. Бекайдарова., Ж. Б. Имангазиева., М. Ахметова., Р. С. Садықовалардың атқарып жатқан қызметтеріне көңілім толды. Бәріне басшылық жасап, жүгіріп жүрген ага медбике Р. К. Сапарова ға да дән ризамын.
Шынайы ілтипатпен ем алушыларға қызмет жасап жатқан тазалықшыларымыз: Г. З. Боранқұлова., З. Қарымсақова., Д.Д. Суиндиковаларға да еңбектеріне табыс тілеймін.
Мен, осы мақаламды мына өлең жолымен:
Денсаулық деген басымыздан таймасын,
Пенде шіркін кеш ойлайды тәубасын,
Науқастарды айықтырып дертінен.
Ең сауатты дәрігер бар болғасын!
Мың алғыс деймін, жасап жатқан әр еміне.
Сақыпова Тамара Қапалаққызы.
Ыргыз ауданы.